Түркі Академиясын құру туралы
ҚР 2014 жылғы 15 қазандағы № 241-V Заңымен ратификацияланды 2014 жылғы 11 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Түрік Республикасының үкіметтері, - 2009 жылғы 3 қазандағы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімінің шарттарына сілтеме жасай отырып; - 2010 жылғы 16 қыркүйекте Стамбул қаласында қол қойылған Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммитінің Декларациясын назарға ала отырып, Түркі Академиясын құру қажеттілігін тани отырып; - түркі халықтарын ортақ күш-жігерге біріктіретін және бағыттайтын түркі мәдениетінің тарихи және рухани рөлінің маңыздылығын тани отырып; - түркі халықтарының адамзаттың тарихи-мәдени мұрасына және әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесін назарға ала отырып; - түркітілдес мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту үшін білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға берік бекіне отырып; - академиялық зерттеулер мен білім беруге жәрдемдесу арқылы түркі халықтарының интеграциясына жәрдемдесуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы арқылы Тараптар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (бұдан әрі «Түркі Кеңесі» деп аталатын) аясында халықаралық ұйым нысанындағы Түркі Академиясын құрады.
Түркі Академиясының мақсаттары мен міндеттері: - түркі тілдерінің, әдебиеті мен мәдениетінің диахрондық зерттеулерін сақтауға, дамытуға және кеңінен танытуға бағытталған түркология саласындағы зерттеулерді үйлестіру және оларға жәрдемдесу; - түркологияны және түркология бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу; - жалпы түркі тарихы мен этнографиясын кешенді оқытуды жүзеге асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|