Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» № 392 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) жарғысы бекітілсін. 2. Орталық заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 195 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы»
1. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) білім беру қызметінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен көрсетілетін әдістемелік және әдіснамалық функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық. 3. Мекеме «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 392 қаулысына сәйкес құрылды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|