ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 13) тармақшасы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдарының осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі; 2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|