Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 296 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2012 жылғы 13 маусымдағы қаулысымен бекітілген
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің негізгі қағидаттары мен тәртібін айқындайды. 1. Осы коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) теңгерім ұстаушы - жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық мүлкі бар мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|