|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.06.03. № 222 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» (2013.06.03. берілген өзгерістермен)
1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8 (7172) 74-30-66 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органдар) көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) уәкілетті органдардың www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, 2) уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділер мен ақпарат тақталарында; 3) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының (1414) телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресми бланкіде беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы не уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) Кодекстің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) уәкілетті органдарға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі; 2) құжаттарды тапсыру үшін бір адамға кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды; 3) мемлекеттік қызметті алу кезінде уақыт 30 минуттан (отыз минут) аспайды; 4) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 1) уәкілетті органдарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 2) порталда - тәулік бойы. 10. Уәкілетті органдарда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған. Порталда мемлекеттік тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды: уәкілетті органдарда: 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті; 2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты; 4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты; 5) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті; 6) объектінің нысаналы мақсатын және меншік құқығын немесе оны пайдалануға және/немесе иелік етуге жол беретін өзге де құқықты растайтын құжаттарды; 7) зертханалық зерттеулер хаттамаларының көшірмелерін ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, объектінің нысаналы мақсатын және оған меншік/иелік ету құқығын растайтын құжаттарды ұсыну портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. порталда: 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды; 2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты; 4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты; 5) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті; 6) объектінің нысаналы мақсатын және меншік құқығын немесе оны пайдалануға және/немесе иелік етуге жол беретін өзге де құқықты растайтын құжаттарды; 7) зертханалық зерттеулер хаттамаларын ұсынады - электрондық (сканерленген) көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі. Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, объектінің нысаналы мақсатын және оған меншік/иелік ету құқығын растайтын құжаттарды ұсыну портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. 12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысанын осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамынан алуға болады. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау салу толтырылады. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды тұтынушы байланыс деректері www.mz.gov.kz интернет-ресурсында және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырады. Порталда электрондық сұрау салуды жіберу тұтынушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға автоматты түрде жіберіледі. 14. Уәкілетті органның кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға мыналар: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде тұтынушының «жеке кабинетіне» тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тұтынушыға: 1) уәкілетті органдарда - тікелей өтініш берген адамға немесе оның ресми сенімді адамына (өкіліне) ұсынылады, ол туралы тиісті жазба жасалады немесе объектінің заңды мекенжайына поштамен жіберіледі. 2) порталда - тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады. 16. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіз болып табылады: 1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбау; 2) егер өтініште көрсетілген объект санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса; 3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер. Уәкілетті органдар құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды. Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушы «жеке кабинетінен» алады.
17. Уәкілетті органдардың мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау; 2) сыпайы және әдепті болу; 3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау; 4) мемлекеттік қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
18. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны арқылы да алуға болады. 21. Лауазымды адам көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған уәкілетті органның басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 22. Уәкілетті органдардың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым тиісті уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 24. Шағым жазбаша еркін нысанда пошта арқылы не байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіне қолма-қол беріледі. 25. Қабылданған шағым байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті жібергеннен кейін тұтынушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органдарда өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не порталдағы «жеке кабинетіне» не шағымда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. 26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесінен алуға болады.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
____________________________________ Мемлекеттік органның атауы ____________________________________ басшысының Т.А.Ә. ____________________________________ өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________ өтініш берушінің мекенжайы ____________________________________ өтініш берушінің байланыс телефоны
ӨТІНІШ
Сізден_____________________________________________________________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) _________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан __________________________________________________________________________________________________ объектінің мақсаты __________________________________________________________________________________________________ объектінің атауы, кадастр нөмірі
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын. _________________________________________________________________________________________________
қолы, күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2. 3.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
1. Сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні __________________________________________________________________ 2. Сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі: __________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ 3. Қоса берілген құжаттар саны мен атауы ____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ 4. Құжаттарды беру күні (уақыты) және орны _________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ 5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары _____________________ _________________________________________________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |