2012/2013 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 2012/2013 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды және білім беру ұйымдарын 2010/2011 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға жасалған шарттар негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|