Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 969/8 Қаулысымен бекітілген
«Ветеринариялық анықтаманы беру»
1. «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі осы регламенттің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері аппараттарының (бұдан әрі - ЖАО) ветеринариялық дәрiгерiмен (бұдан әрі - ветдәрігер) ұсынылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» стандарты негiзiнде көрсетiледi. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) (бұдан әрі - анықтама) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — тұтынушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады: 1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі; 2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек ретімен жүзеге асырылады. 9. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|