«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» электронды мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» электронды мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандартын бекіту туралы» № 591 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 5042 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, № 12 «Заң газетінде» 2008 жылғы 25 қаңтарда жарияланған (1412)). 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев): 1) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі _____________ А. Жұмағалиев 2012 жылғы 25 қыркүйек
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 433 бұйрығымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|