«Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифті және тарифтік сметасын төтенше реттеуші шаралар ретінде бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 15 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығымен бекітілген, Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту туралы Ережесінің 1 тарауының 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына төтенше реттеуші шаралар ретінде 2012 жылдың, 1 сәуірінен бастап, электр энергиясын беру және бөлу қызметінің тарифі 1 кВт/сағатқа 1,34 теңге-тиын (ҚҚС-сыз) деңгейінде бекітілсін. 2. «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының электр энергиясын беру және бөлу қызметінің тарифтік сметасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифті және тарифтік сметасын бекіту туралы бұйрығының 1, 2 тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Департаменттің Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі (А.І. Оңаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің және «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының назарларына жеткізсін. 5. Тарифтік сметаның орындалу жауапкершілігі «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бірінші басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|