|
|
|
Жоба
Қабылданды - ҚР 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 71-V Заңын қараңыз
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1370 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128-құжат, 129; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат): 1) мазмұнында: 393-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз міндеттерін атқарумен байланысты әскери қызметшінің заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау»; 2) 393-бап мынадай редакцияда жазылсын: «393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз міндеттерін атқарумен байланысты әскери қызметшінің заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз міндеттерін атқарумен байланысты әскери қызметшінің заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.». 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат): 276-6-баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде: 1) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасына келгені туралы талонға қойылған белгілер негізінде анықталады, олардың нысаны мен ұсыну тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп белгілейді.»; 2) мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы мәліметтерді беру бойынша өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;». 3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды (күзетуді) қамтамасыз ету болып табылады.»; 2) 12-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;». 4. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат): 1) 8-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі сыртқы барлау субъектілерінің және сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды (күзетуді) ұйымдастыру және қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңмен регламенттеледі;». 2) 9-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін байланыстың арнаулы түрлерімен жарақтандыру, инженерлік-техникалық қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар арқылы жылыстауына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;». 5. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат): 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 15-19, 22, 24, 29-37-баптарында, 5, 6 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.». 6. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Әскери қызметшілерді аттестаттау 1. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін аттестаттау Әскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады. 2. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің оның тәртібін, мерзімі мен аттестаттаудан өтетін әскери қызметшілердің санатын айқындайтын шешімі бойынша жүргізіледі. Кезектен тыс аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқарып жүрген лауазымына сай келеді және жоғары лауазымға көтеру ұсынылады; 2) атқарып жүрген лауазымына сай келеді; 3) атқарып жүрген лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады; 4) атқарып жүрген лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады; 5) атқарып жүрген лауазымына сай келмейді және қызметінен босату ұсынылады. Кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде шекті мәннен төмен баға алған жағдайда аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға ұсынылады. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) қызметінде өзге де, оның ішінде төменгі лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.»; 2) 26-баптың 1-тармағының 13) тармақшасының соңғы абзацындағы «жағдайлар әскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.» деген сөздер «жағдайлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) аттестаттау қорытындысы бойынша қызметіне сай келмеуі әскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.»; 3) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әскерге шақыру комиссиялары осы Заңның 16-бабында айқындалған құрамда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңіне құрылады. Облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) әскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары енгізіледі. Шақыру комиссиясының құрамына өзге мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де кіруі мүмкін. Комиссияның сандық құрамы тақ болуға тиіс. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін жергілікті атқарушы орган бекітеді.». 2-бап. Осы Заң 1-баптың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |