«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 21-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша үш жылдық кезеңге алдын ала өтінімдер ұсынады.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Тапсырыс берушілер осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.»; жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамындағы қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.»; тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|