«2012 жылға арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін және субсидиялар нормативтерін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № А-5/170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 1.5-13/8492 Хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2012 жылға арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін және субсидиялар нормативтерін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № А-5/170 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 болып тіркелген, «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылғы 5 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: «2012 жылға арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «2012 жылға: 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері және өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) нормалар; 2-қосымшаға сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері мен тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) нормалар; 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын гербицидтер түрлері мен гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.»; 1, 2, 3 қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|