2012 жылға арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін және субсидиялар нормативтерін белгілеу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2012 жылға арналған: 1-қосымшаға сәйкес өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері мен тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) субсидиялардың нормативтері; 2-қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыштар өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері мен тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) субсидиялардың нормативтері; 3-қосымшаға сәйкес гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің субсидияланатын түрлері және гербицидтердің 1 килограмына (литріне) субсидиялардың нормативтері белгіленсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін. 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Аман
2012 жылғы 6 сәуірдегі № а-5/170 қаулысына 1-қосымша
Өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) субсидиялардың нормативтері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|