Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2012 жылғы 19 қазандағы № А-11/505 қаулысымен бекітілген
Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оларды енгізу мен тарату үшін Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - облыстың жергілікті атқарушы органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті іске асыру уәкілеттігі берілген, атқарушы орган; 2) өтініш беруші - инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі сайысқа қатысуға өтінім берген, жеке және заңды тұлғалар; 3) өтінім - инвестициялық жобаларды іріктеп алу жөніндегі сайысқа қатысуға берілетін, белгіленген үлгідегі құжаттар пакеті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|