Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 298 Қаулысымен бекітілді
«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына
1. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - Регламент) осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес, селолық (ауылдық) округтің жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - әкімдік) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысымен бекітілген «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет стандартына және «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген әкімдіктердің фойелерінде орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі осы Регламенттің 7-қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама бере отырып, білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және керісінше үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз етуі немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну (өтініш түскен мерзімнен бастап 5 күн ішінде) 5 жұмыс күнін құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|