«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде: 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеңсе мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады. Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Кеңсеге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Кеңсе өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Кеңсенің басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 5. Кеңсенің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|