6. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру және ұйымдастыру тәртібі мен оларды әдіснамалық қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 7. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді және оларды әдіснамалық қамтамасыз етуді тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетушінің келісімі бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 8. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетуші айқындайды.
15-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету ақпараттық- коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін алғанға дейін қағаз түріндегі құжат айналымына жол берілмейді. 2. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, сондай-ақ жеке тұлға - көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда жүзеге асырылады. 3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, электрондық немесе қағаз құжатты беру немесе мәліметтерді мемлекеттік органның, ақпараттық жүйесіне енгізу электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру
1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру оңтайландыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсетудің бәріне қатысты тұрақты негізде, оның ішінде: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру; 2) көрсетілетін қызметті алушылардың қатысуынсыз көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілермен және өзге де мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті ақпарат және құжаттар алмасу арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 3. Оңтайландыру мерзімдері мен оңтайландырылуға тиіс көрсетілетін қызметтер тізбесін қызмет көрсетушілермен келісім бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
17-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен тәртібі туралы хабардар ету
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат: 1) стандарттарды қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында және «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастыру; 2) стандарттарды көрсетілетін қызметті алушылар еркін қол жеткізетін және онымен танысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында орналастыру; 3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы; 4) көрсетілетін қызметті алушының өзі жүгінуі арқылы беріледі. 2. Қызмет көрсетушілер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілер мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қабылданған немесе өзгертілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді. 3. Қызмет көрсетушілер және берушілер қажетті түсініктемелерімен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушыларға олар жеке жүгінген кезде дереу беруге міндетті. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі арқылы беріледі. 5. Бірыңғай байланыс орталығының қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 6. Қызмет көрсетушілер қызмет көрсетушінің интернет-ресурсына және «электрондық үкіметтің» веб-порталына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп береді. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті қалыптастыру тәртібі мен беру мерзімдерін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 8. Қызмет көрсетушілер жылына кемінде бір рет көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылаулар жүргізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын жетілдіру кезінде пайдаланылады.
18-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін төлемақы
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. 2. Тегін көрсетілуіне Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ақылылық критерийлерін және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің төлемақысын есептеу әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
19-бап. Сотқа дейінгі шағымдану тәртібі
1. Қызмет көрсетуші, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бұзған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу орны бойынша шағыммен жүгінуге құқылы. 2. Көрсетілетін қызметті беруші және/немесе қызмет көрсетуші - жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызметке сотқа дейінгі шағымдану тәртібі мынадай кезеңдерді көздейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын көрсетілетін қызметті беруші және/немесе қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Осы кезеңде шағым қанағаттандырылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіткен қызмет көрсетуші орталық мемлекеттік органға жүгінеді. Қызмет көрсетуші орталық мемлекеттік органның шағымды қарау мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіткен қызмет көрсетуші орталық мемлекеттік органның шешіміне көрсетілетін қызметті алушы қанағаттанбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіткен қызмет көрсетуші орталық мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметке сотқа дейінгі шағымдану тәртібі мынадай кезеңдерді көздейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіткен қызмет көрсетуші орталық мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Осы кезеңде шағым қанағаттандырылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді. 4. Қызмет көрсетушілер мен берушілер шағымды қарау кезінде: 1) келіп түскен шағымдардың есебін міндетті түрде жүргізуге; 2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы, оның ішінде олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етуге; 3) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға міндетті. Шағымды қарау қорытындылары бойынша көрсетілген қызметті алушыға шағымның қанағаттандырылғаны немесе оны қанағаттандырудан бас тартылғандығы туралы дәлелді шешім жіберіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға тиісті шағымды қарау қорытындыларының қысқаша сипаттамасымен оны тіркеу фактісі туралы хабарлама жіберіледі. 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша: 1) көрсетілетін қызметті алушының шағымын қанағаттандырмау себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге; 2) қызмет көрсетушілер мен берушілер тарапынан заңсыз әрекетке жол берілген фактілер белгіленген жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді талап етуді жіберуге; 3) тиісті қызметті көрсетушілер мен берушілер тарапынан көрсетілетін қызметті алушының шағымын қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 6. Беруші, қызмет көрсетуші және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган: 1) шағымның негізділігін тексеруді/қайта тексеруді, оның ішінде жергілікті жерге барып жүргізу; 2) мемлекеттік қызметтерді өзге де ұсынушылардан қосымша ақпарат алу мақсатында шағымды қарау мерзімін он жұмыс күнінен асырмай ұзартады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттік берілген лауазымды адам осы баптың 2, 3, 5-тармақтарында көрсетілген мерзімдер келгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағым берген көрсетілген қызметті алушыға шағымды қарау мерзімін ұзарту себептерін көрсете отырып, ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдары бойынша іс жүргізуді мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган, қызмет көрсетуші және берушімен іс жүргізу жөніндегі ішкі регламентке сәйкес іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қанағаттандырмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінуге құқылы. 8. Көрсетілетін қызметті алушы сотқа дейінгі шағымданудың кез келген кезеңінде сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Шағымданудың сотқа дейінгі тәртібі көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгіну құқығын жоймайды. 9. Қызмет көрсетушінің, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтамау немесе тиісінше сақтамау салдарынан келтірілген залалды өтеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау, бақылау, қоғамдық мониторингілеу
20-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды, бақылауды, қоғамдық мониторингілеуді жүргізу қағидаттары
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды, бақылауды, қоғамдық мониторингілеуді жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) объективтілік; 2) бейтараптылық; 3) жан-жақтылық.
21-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу тәртібі
1. Мыналар: 1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері мен себептері; 2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызметті алушылардың шағымдары және оларды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нысанасы болып табылады. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау ішкі және сыртқы бақылау болып бөлінеді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және оның ішінде мыналарды қамтиды: 1) жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізудің тәртібі, мерзімдері және негіздері; 2) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында, «электрондық үкіметтің» веб-порталында тексеру нәтижелерін орналастыру. 4. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібін қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар үлгілік талаптар негізінде айқындайды және өздерінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне, жеке тұлғаларға, мемлекеттік мекемелер және осы қызмет көрсетушілерге ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылауды жүргізуге қойылатын үлгілік талаптарды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 5. Ішкі бақылау нәтижелерін қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар жартыжылдықта бір рет не сұрату бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
23-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингін мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік тапсырысы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын талдау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін зерттеу және айқындау мақсатында аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдар жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін коммерциялық емес ұйымдар жеке бастамасы бойынша және өз есебінен де жүргізе алады. 2. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүргізуін әдіснамалық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеуді мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі. 5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдар жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижелерін қызмет көрсетушілер стандарттар мен регламенттерді қабылдау, өзгерту немесе жою мақсатында пайдаланады.
24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету барысында алынған қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді таратқаны үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қолданыстағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары осы Заң қолданысқа енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей осы Заң талаптарына сәйкес келтіруге жатады.
Н. Назарбаев
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |