Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 316 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 111 Қаулысымен күші жойылды
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет мекен-жайы осы регламентінде (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада көрсетілген Жамбыл облысының аудандары және Тараз қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- уәкілетті орган) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқару органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 6 тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі. 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді; 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады; 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды. 6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2.Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|