Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 316 қаулысымен бекітілген
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 111 Қаулысымен күші жойылды
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада көрсетілген мекенжайы Жамбыл облысы Тараз қаласы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3.Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 1) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдері негізінде ұсынылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары (бұдан әрі - тұтынушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша айқындалады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес күнтізбелік күн ішінде; 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін көп қызмет уақыты - 30 минуттан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|