Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 07/104 қаулысымен бекітілген
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 09/02 Қаулысымен күші жойылды
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: 1) ҚҚБ - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары - құрылымдық-функцияналдық бірліктері, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері; 2) уәкілетті орган - «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 3) халыққа қызмет көрсету орталығы - «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын, республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
2. Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) тұрғын үй көмегін тағайындау рәсімін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 3. Мемлекеттік қызмет «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, (бұдан әрі - уәкілетті орган) сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы: Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Қарағанды қаласындағы бөлімдері (бұдан әрі - орталық), (байланыс деректері осы регламенттегі 1 қосымшада көрсетілген). 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|