Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 797 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 382 бұйрығын қараңыз
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1769 қаулысымен бекітілген
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын (бұдан әрі - бірыңғай қор) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бірыңғай қордың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. 3. Бірыңғай қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|