Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы (2025.15.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ: Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары 1 (бір) шаршы метрге осы бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|