Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 508 Қаулысымен күші жойылды
Әкімдіктің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 547 қаулысымен бекітілді
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
1.Осы «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұгымдар қолданылады: атқарушы орган - ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органы; мемлекеттік қызметті алушы - жеке және заңды тұлғалар.
2. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің стандартын (бұдан әрі - Стандарт) сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді. 3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша, мекенжайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген атқарушы органдармен, ал егістікте, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарда, көп жылдық екпелері бар жерлерде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен орман қоры жерінде облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызметі көрсету Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптарының және Стандарттың негізінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|