«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер: 1) мәмілелерді куәландыру; 2) мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру; 3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 4) некелік келісім-шарттарды куәландыру; 5) өсиеттерді куәландыру; 6) сенімхаттарды куәландыру; 7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру; 8) мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау; 9) мұраға құқық туралы куәліктер беру; 10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру; 11) мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою; 12) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру; 13) құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру; 14) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру; 15) фактілерді куәландыру; 16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; 17) ақшаларды депозитке қабылдау; 18) вексельдер наразылықтарын жасау; 19) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|