Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінде орналасқан Елтай-IV темір рудасының кен орны базасында кенішті орналастыруға арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы (2021.30.06. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2014.30.04. № 182 Қаулысымен тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылды (бұр.ред.қара); Қостанай облысы әкімдігінің 2020.21.02. № 76 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.14.03. № 115 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы әкімдігінің 2020.21.02. № 76 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Уәкілетті органдармен келісу бойынша, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінде орналасқан Елтай-ІV темір рудасының кен орны базасында кеніш орналастыруға арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін. Қостанай облысы әкімдігінің 2020.21.02. № 76 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінде орналасқан Елтай-ІV темір рудасы кен орнының базасында кеніш орналастыруға арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|