Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 3-2/106 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7715 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі - ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі туралы келісім-шарттың тараптары туралы ақпаратты есепке алу және сақтау деректер қоры;»; 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін жиынның бюджетке төлеуін растайтын құжаттарды ұсынады.»; Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларының 1 және 4-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/660 бұйрығына 1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|