Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандары туралы (2014.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс маманы туралы ереже; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандарының номенклатурасы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандарының тізімі бекітілсін. (Тізім қоса берілмеген) 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымының және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (келісім бойынша) басшыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандарына лауазымдық айлықтан 50 % үстеме белгілеу ұсынылсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларындағы бас штаттан тыс мамандарды айқындауды ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттық және штаттан тыс бас мамандары туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 474, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандары туралы» ҚР ДСМ 2010 жылғы 30 маусымдағы № 474 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 20 тамыздағы № 660. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|