Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және
Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Люксембург Ұлы Герцогтігінің Аудиторлар Соты халықаралық жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен принциптерін басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттеріндегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіруге өзара ынта білдіре отырып, өзара сыйластық, сенім, тең құқықтық және өзара ынтымақтастық принциптерін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өз мемлекеттерінің құзыреттеріне сәйкес мынадай негізгі бағыттар: сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырудың әдіснамасы мен тәртібі саласында тәжірибе алмасу; кадрларды кәсіби оқыту және олардың біліктілігін арттыру саласында өзара іс-қимыл жасау; Тараптардың қызметі турады ақпараттық-анықтамалық материалдармен алмасу; консультациялар, бірлескен зерттеулер мен бірлескен (қосарлас) бақылау іс-шаралары, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптар өзара ынта танытатын басқа да бағыттар бойынша өз құзыреттері шегінде ынтымақтастықты дамытады.
Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің шеңберінде ақпарат пен материалдар алмасу кезінде халықаралық ақпарат алмасуға қатысуды, мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғауды реттейтін өз мемлекетінің ұлттық заңнамасын басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|