«Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: «Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7381 тiркелген, № 70 (2078) Заң газетiнде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiнде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бағаланатын кезеңге ұсынымдар мен қаулылар негізінде бақылау нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне бередi.»; 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша: тексеру жүргiзiлген (мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен басқа) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы; есептi кезеңдегi тексерулер саны; бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|