Осы редакция 2008 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнің шегінде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасының бiрыңғай патенттік жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бap. 4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қарталы көшесi, 1/1. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілген болса мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары 10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 Қаулысымен 1) тармақша толықтырылды 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін функциялар: туындыларға және сабақтас құқықтар объектілерiне, өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына), селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтарды қорғауды; өз құзыретiнiң шегiнде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды; зияткерлiк меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды; Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсіптiк меншік объектілерін шет елдерде патенттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды; өнеркәсіптік меншік объектілерiне, селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтінiмдердi қабылдауды және тiркеудi қамтамасыз етудi; қорғау құжаттарын беруге өтiнімдерге сараптама жасауды және өнеркәсiптiк меншiк объектілерінің, селекциялық жетiстіктердiң, интегралдық микросхема топологияларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргізудi ұйымдастыру, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстау жөніндегі шараларды қамтамасыз етудi; авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне куәлiктердi, өнеркәсiптiк меншік объектілеріне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын берудi; қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер бойынша сараптама шешімдеріне қарсылықтарды және қорғау құжаттарын беруге қарсылықтарды қарауды ұйымдастыруды; ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, оның iшiнде шет елдерде де пайдалану кезiнде қазақстандық және шетелдiк авторлардың, сабақтас құқық иеленушiлерінің, олардың құқықтық мирасқорларының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуді; ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын және көшiрмелерiн сақтауды; автордың авторлыққа қайтыс болғаннан кейiнгі құқығын, атына құқығын, беделiн қорғау құқығын, сондай-ақ жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды заңнамада белгiленген жағдайларда жүзеге асыруды; зияткерлік меншік объектiлерiн бағалаудың әдiснамасын жүзеге асыруды; авторлық құқықты ресми тiзiлiмдерде тiркеудi; туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттік тiркеу куәлiктерiн берудi; өнеркәсiптiк меншік объектілерiн, селекциялық жетістіктердi, интегралдық микросхема топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi; патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауды жүргiзудi; басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар Комитетке берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының заңнамасын зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді; 2) бақылау және қадағалау функциялары: мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн; авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн, селекциялық жетістiктердi, интегралдық микросхема топологияларын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн; патент iсi саласында сараптама жасауды жүзеге асырушы мемлекеттік ұйымдардың қызметін; туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауын әрi авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық келісімдердің орындалуын жүзеге асырады. 11. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындауға; 2) өз өкiлеттіктерінің шегiнде зияткерлiк меншiк объектілерiн қорғау мәселелерi жөнiнде түсiніктемелер беруге; 3) өнертапқыштық қызметтi, сондай-ақ тұтастай алғанда техникалық шығармашылықты дамыту жөнiнде шаралар қабылдауға; 4) зияткерлiк меншікті қорғау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттарды жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізуге; 5) зияткерлiк меншіктi қорғау мәселелерi бойынша халықаралық конференциялар мен кеңестердiң жұмысына қатысуға; 6) шетелдiк авторлық-құқықтық ұйымдармен келісімдер жасасуға; 7) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтарды, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн, селекциялық жетiстiктерi, интегралдық микросхема топологияларын пайдалану фактiлерi туралы ақпаратты, сондай-ақ мүлiктік құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға және алуға; 8) өз құзыреті шегiнде әкiмшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға әкімшілік жаза қолдануға; 9) авторлық құқықтар, өнеркәсіптік меншiк объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхема топологияларын қорғау саласында ақпараттық-баспа қызметiн ұйымдастыруға ресми бюллетеньдердi, сондай-ақ зияткерлiк меншіктi қорғау мәселелерiне арналған әдістемелік құралдарды, жарнамалық және ақпараттық материалдарды басып шығаруды қамтамасыз етуге; 10) өзге де мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетуге; ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 Қаулысымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншікке жататын оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүліктен тұрады. 13. Комитеттің өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметін ұйымдастыру 14. Комитетті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейдi. 15. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады. 16. Комитет төрағасы осы мақсаттарда: 1) төрағаның орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерін белгiлейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптік жазалар қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Комитеттi мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi; 7) өзiнiң құзыретіне жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң құрылымы Басшылық Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру басқармасы Өнеркәсiптiк меншік саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру басқармасы Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлiмi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарауындағы ұйымдардың ТІЗБЕСІ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |