Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
1. Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызметті алушы - жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы); 2) құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) -мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар; 3) орындаушы - тіркеуші органның қызметкері; 4) тіркеуші орган - «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді. 3. Мемлекеттік қызметін тіркеуші орган көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 6. Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы 27 бабының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 қаулысымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - кәулік) немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|