Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы (2010.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамына кіретін құрылымдар арасындағы ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың функцияларын бөлу мақсатында «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.08.11. № 1169 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.12. № 1497 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор болып мыналар белгіленсін: 1) мынадай функцияларды іске асыру үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы: оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу; мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге ықпалдасуын қамтамасыз ету; бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және (немесе) сүйемелдеуді, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жетімділігі үшін техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|