«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы (2012.03.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1021 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1021 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1021 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 қаулысымен бекітілген
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1, 404-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|