Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына (бұдан әрі - «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын желілерге қолданылады. 3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесі - басқарушы технологиялық параметрлерді қалыптастыру және олардың атқарылуын бақылау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені (бұдан әрі - ТЖОБ жүйесі); 2) уәкілетті мемлекеттік органдар - осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|