«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/490 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымында «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев
26 қарашадағы 2012 жылғы № А-12/557 қаулысымен бекітілген
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызмет «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттарымен (бұдан әрі - қызмет беруші), халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сонымен бірге «электрондық үкімет» www.e.gov.kz немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталдар арқылы көрсетіледі (бұдан әрі - ЭҮП). 2. Электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|