|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 194-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің ерекшеліктері»; 2) мынадай мазмұндағы 194-1-баппен толықтырылсын: «194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің ерекшеліктері Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.»; 3) 284-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;». 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 128-құжат; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 581-баптың 1) тармақшасының бірінші бөлігі «жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін,» деген сөздерден кейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы,» деген сөздерден кейін «міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 128-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын: «35-1) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек - есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары;»; 2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3-баптармен толықтырылсын: «6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақымен қамсыздандыру саласында: 1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру, сондай-ақ Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 3) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін бекітеді; 4) судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекітеді; 5) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекітеді; 6) салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын олардың біреуіне аудару қағидаларын бекітеді; 7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 6-2-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган: 1) салымшылар өз қаражаты есебінен қызметкерлер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын олардың кәсіптерінің тізбесін әзірлейді; 2) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін жыл сайын арттыру тәртібін әзірлейді; 3) Орталықтан төленетін зейнетақыларды бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптама мекемелеріндегі, емдеу мекемелерінің паталогиялық-анатомиялық бөлімшелеріндегі жұмыстардың тізбесін әзірлейді; 4) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін әзірлейді; 5) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң № 1 тізімін әзірлейді; 6) міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді; 7) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу қағидаларын әзірлейді; 8) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді; 9) агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді; 10) ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қолданылатын ай сайынғы табысты айқындау қағидаларын әзірлейді; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді; 12) салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын олардың біреуіне аудару қағидаларын әзірлейді; 13) міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына электрондық терминалдар арқылы аудару қағидаларын әзірлейді; 14) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа ұсыну қағидаларын әзірлейді; 15) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын әзірлейді; 16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 6-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; 3) 13-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыста үзілістер болғанына қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық табыс негізге алына отырып жүзеге асырылады. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең ішіндегі орташа айлық табыстың мөлшері халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең ішіндегі орташа айлық табыстың мөлшері жұмыс беруші беретін табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгіленеді. Зейнетақы төлемдерін есептеу зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күні уәкілетті орган белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.»; 4) 15-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын; 5) 22-бапта: 4-1-тармақтың бірінші абзацы «Ұстап қалынған» деген сөздерден кейін «(есебіне жазылған)» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақы шарттарының болмауына байланысты, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есебіне жазылған өсімпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджетке аударады. Бұл ретте, 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін есебіне жазылған өсімпұл есептен шығаруға жатады. Бюджетке аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын - бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мұрагерлері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.»; 6) 22-1-бапта: 1-тармақтағы «осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «келеңсіз» деген сөз «теріс» деген сөзбен, «республикалық бюджетке алынады» деген сөздер «алынады және республикалық бюджетке аударылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 7) 22-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жіберілмейді.»; 8) 23-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) еркектер - елу бес жасқа және әйелдер елу жасқа толғанда, осы Заңның 31-1-бабының 2-тармағына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болғанда;»; 5) тармақшаның екінші сөйлемі алып тасталсын; 9) 23-3-бапта: 4-тармақтың бірінші сөйлемі алып тасталсын; 5-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Зейнетақы төлемдерін жинақтаушы зейнетақы қоры деректемелері зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы алушының өтінішінде көрсетілетін алушының банктік шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын айырбастау сомаларын қоспағанда, оларды аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; 10) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған сомалары бойынша есеп-қисап салық органдарына осы Заңның 22-бабының 3, 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар бойынша ұсынылмайды.»; 11) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салымшының, алушының, Орталықтың, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.»; 12) 31-1-бапта: 1-тармақтың екінші сөйлеміндегі «ай сайынғы сақтандыру төлемдерi» деген сөздер «айлық сақтандыру төлемiнің мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің» деген сөздер «айлық сақтандыру төлемінің» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Сақтандыру төлемдерін сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банктік шотына аударады. Сақтандыру төлемдерінің сомасын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; 13) 31-2-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 23-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасынан асып кеткен жағдайда, осы адамдар бірнеше сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасуға құқылы.»; 14) 31-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жетіспейтін соманы ерікті зейнетақы жарналары мен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын біріктіру арқылы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қосымша төлеуді жүзеге асыруға; 1-2) зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жетіспейтін соманы ерікті зейнетақы жарналары мен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын біріктіру арқылы міндетті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымының шотына өз ақшасынан қосымша төлеуді жүзеге асыруға;»; 15) 31-4-баптың 1-тармағындағы «күнтiзбелiк отыз күн ішінде» деген сөздер «бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 31-5-бап мынадай редакцияда жазылсын: «31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерін есептеуді жүзеге асыру 1. Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемiн есептеуді уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады. 2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мерзімдік сақтандыру төлемдерін және сақтанушының қалауы бойынша біржолғы сақтандыру төлемін қамтиды. Мерзімдік сақтандыру төлемдері осы Заңның 31-1-бабының талаптарына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе өзге де тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Сақтандыру ұйымы бірінші мерзімдік сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. 4. Біржолғы сақтандыру төлемінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасына қарай, мынадай: 1) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының он пайызынан аспайтын; 2) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен асып кеткенімен, айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының жиырма пайызынан аспайтын; 3) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен асып кетсе, сақтандыру сыйлықақысы сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Салымшымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін қалған не қайта қалыптасқан зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына ішінара немесе толық аударған кезде біржолғы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жол берілмейді. 5. Сақтандырушы осы баптың 4-тармағында көзделген талаппен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшерін сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамға сақтандыру ұйымы төлейтін біржолғы сақтандыру төлемін есепке алмастан, есебіне жазылған сақтандыру сыйлықақысы мөлшеріне қарай есептейді.». 4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасы;»; 9) тармақшадағы «ай сайынғы» деген сөздер алып тасталсын; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;»; 13) тармақша «қатысушының» деген сөзден кейін «жалпы» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент;»; 15) тармақшадағы «аударымдар алымын жинауды» деген сөздер «аударымдарды шоғырландыруды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.»; 3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.»; 4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын: «8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында: 1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді; 2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін бекітеді; 3) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекітеді; 4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |