Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдалана отырып,
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 желтоқсандағы № 1610 Қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) төмендегілер туралы өзара түсіністікке келді: 1. Тараптар өз аумақтарында ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде навигациялық-ақпараттық қызметтерді және тауарларды дамытуға ниеттеніп отыр. 2. Тараптар басқа жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелерді пайдалануға шектеу қоймайды. 3. Тараптар өз аумақтарында ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде жұмыс істейтін және автомобиль жолдарында жоғары қауіпсіздік деңгейін, автомобиль көлігінде авариялар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде шұғыл ден қою қызметтері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін жүйелерді құруға мүдделі. 4. Тараптар Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы Кеден одағының Техникалық регламентіне көлік құралдарын жедел қызметтерді шақырудың автомобильдік жүйесімен (терминалымен) жарақтаудың міндеттілігі бөлігінде өзгерістер енгізу, оларды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу мақсатында келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға ниеттеніп отыр. 5. Тараптар мынадай бағыттарда ынтымақтасады: ЭРА-ГЛОНАСС пайдалануды көздейтін ғылыми-зерттеу, технологиялық және эксперименттік бағдарламаларды, инновациялық технологияларды жасау және игеру бойынша жобаларды жүзеге асыру; ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде навигациялық-ақпараттық қызметтерді құру саласында консультациялық қызметтер көрсету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|