ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
«Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдердегі мекемелер) ұсынады. 2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 195, 229, 244, 246, 279-баптарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 42-тармағына; «Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 қаулысына сәйкес ұсынылады. 4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет- ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады. 5. Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі - куәлік) беру немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|