2013 жылы Көкшетау қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/207 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы негізінде, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2013 жылы Көкшетау қаласында қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын. 2. Көкшетау қаласы ұйымдарының қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайы, еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс және ұсыныс анықталсын. 3. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін. 5. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ақмола облысы Әділет департаментінің Көкшетау қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Жұмаш
Көкшетау қаласының прокуроры Е.Бөлегенов
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|