«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы (2024.20.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешімімен бекітілген
«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі. 2. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі. 3. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін. 4. Атаққа ие болған тұлғаға куәлік, төсбелгі беріледі және оның есімі облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары кітабына енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|