ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 наурыздағы № 275 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне қою»
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві (бұдан әрі - кадр резерві) туралы ереженің 26-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында, www.kyzmet.kz интернет-ресурсында сілтемелер жасалған аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстарында орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бұдан әрі - үзінді) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Үзінді қағаз жеткізгіште жазбаша түрде ресімделеді. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы): 1) конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервіне алуға ұсыным берген; 2) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген азаматтар; 3) кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген; 4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиялары кадр резервіне алуға ұсыным берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|