Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/08 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 66/01 қаулысымен бекітілді
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет), сондай-ақ www.e.gov.kz мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызметті көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) бизнес сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір(бұдан әрі - БСН); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|