Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы (2012.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.07.07 № 136 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03 № 40 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.25.05. № 195 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға; 2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға; 3) борыштық бағалы қағаз - шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|