Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (2014.02.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 389 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады: 1) комиссия - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия; 2) аккредиттеу - аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рәсімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|