Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 276 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бекітілген
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
1. Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды. 2. Мемлекеттік қызмет «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тұрақты жер пайдалану құқығын беру актісін дайындайтын «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы» (бұдан әрі - «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы) қатысуымен жер қатынастары саласында қызметтерді жүзеге асыратын «Батыс Қазақстан облысының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет жер учаскесіне орналасқан жері бойынша баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Филиалы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетілуі мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|