Жобалау-сметалық құжаттамаларды республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің теңгерімдік құны 607546000 (алты жүз жеті миллион бес жүз қырық алты мың) теңге жобалау-сметалық құжаттамаларды республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің теңгерімінен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1645 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|