«Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
ҚР Мәдениет министрлігінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 143 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7928 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 689-693 (27765) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев 2012 жылғы «_____»
Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 208 бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|