Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 Қаулысымен күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № А-13/611 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшінмектепке дейінгі (7 жасқадейін) жастағы балаларды кезекке қою»
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызметті(бұдан әрі - қызмет) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) арқылы Ақмола облысының білім бөлімдері, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараттары (бұдан әрі - қызмет беруші),сондай-ақ, www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН); 2) тұтынушы -қызмет көрсетілетін жеке тұлға; 3) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпаратқа алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет; 4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесінбілдіретін ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|