Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау»
1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) және Астана қаласы, Орынбор көшесі. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылық өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті керсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz. интернет-ресурсында орналасады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің селекциялық жетістікке патент (бұдан әрі - патент) беруі немесе патент беруден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет патент алуға өтініш берген жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|