Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 350 қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
1. Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке басын куәландыратын құжат - әр түрлі құқықтық қатынастарға түскен кезде азаматтың жеке басын растайтын, тиісті уәкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі құжат; 2) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
2. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту турал» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметті негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 9) тармақшасына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|